Қылмыс

"Денесін жертөлеге лақтырып кеткен": Әпкесін өлтірген күдікті 17 жылдан кейін ұсталды

  • "Денесін жертөлеге лақтырып кеткен": Әпкесін өлтірген күдікті 17 жылдан кейін ұсталды

Павлодар облысында 17 жыл бұрын жасалған кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

2004 жылғы қылмыс әлі күнге дейін ашылмаған. Оны ашу тек биыл ғана мүмкін болды. Железин ауданының тұрғыны әпкесін өлтіріп, денесін жертөледе лақтырып кеткен. "Материал тіркелді, бірақ тергеуде күдіктінің кінәсі туралы дәлелдер болған жоқ” – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 
"Күдікті ешқайда тығылмаған, полицейлер оның қылмыскер екенін білмеген. Геномдық және басқа сараптамалардың нәтижелері бойынша оның кінәсін дәлелдеді және ұсталды. 2004 жылы қазіргідей сараптамалар қолданылмады", – деді Қайыров.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, облыстың криминалдық полиция қызметкерлері өткен жылдардағы 485 қылмысты ашты. Қылмыстық іздеуде жүрген 50 адам ұсталды.




Көрілген: 624    Пікірлер: 0

сенбі, 10.07.2021, 01:54

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30