Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден шықты

07 сәуір 2022, 12:08

Мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне байланысты сотталған Жанар Толыбаева түрмеден босатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Комитеттің хабарлауынша, Толыбаева 2021 жылдың желтоқсанында ҚАЖ мекемесінен шығарылған. Ол 2019 жылы қылмыс туралы хабарламағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Колонияда жүріп, баласын дүниеге әкелді. 

Айта кетсек, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде ұрылар қолынан қаза тапты.

Қайғылы оқиға 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда болған. Денис кафеден шығып, көлігінің айналарын екі жігіттің ұрлап жатқанын көреді. Қаша жөнелген оларды қуып жеткен спортшыға бір ұры жамбасынан пышақ салады. Нәтижесінде артерия зақымдалып, қан қөп кетеді. Кейін ауруханада көз жұмды. 

Сот 2019 жылдың басында спортшының өліміне қатысты сотталғандарға үкім шығарды.

Арман Құдайбергенов "Ұрлық", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" бойынша айыпты деп танылып, 18 жылға сотталды. Нұралы Қиясовқа "Адам өлтіру" және "Қарақшылық" баптары бойынша 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Жанар Толыбаева "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша кінәлі деп танылды. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Іс барысында оның жүкті екені белгілі болды. Ол екінші баласын түрмеде босанды. Ол жазасын баласымен бірге Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 түзету мекемесінде өтеді.

Толыбаева баласын босанғаннан кейін бір жылдан астам уақыт бостандықта болған, алайда колонияның сот алқасының уақытында марқұмның туыстарына сотталушының сотқа өтініш түсіргені туралы ешқандай ескерту жібермегендіктен қайта тоғытылған.

"Заң бойынша ауыр қылмыс кезінде жазаның үштен бір бөлігін өтеп, шығуға болады. Егер ешқандай заңбұзушылық болмаса, түрме ішіндегі тәртіп жақсы болса, жазаны жеңілдетеді. Осы мерзімді өтегеннен кейін сотқа арыз жаздым. Баламен бұл жерде отырған маған да оңай емес. Сот шешімімен менің жазам 73-бап бойынша бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бірақ 1 жыл 3 айдан кейін қайтадан осы жерге, жалпы колонияға оралып отырмын", - деген еді Толыбаева Sputnik Қазақстанға берген сұхбатында. 

Stan.kz