Қылмыс

Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды

  • Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды

    Денсаулық сақтау вице-министрі ұсталды: қылмыстық істің мән-жайы белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бұрынғы денсаулық вице-министрі Олжас Әбішевке 500 миллион теңгеден астам бюджеттік қаржыны ысырап етті деген айып тағылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде бұрынғы вице-министр Әбішевке қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Ол ақпараттық жүйелерді жасауға бөлінген 500 миллион теңгеден астам қаржыны ысырап еткені үшін айыпталып отыр", - деді қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Еламанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Комитет басшысы осы қылмыстық істің мән-жайын да айтып берді. Оның айтуынша, бұрынғы вице-министр ақпараттық жүйелерді құру шаралары аяқталмаса да, атқарылған жұмыстар туралы актіге қол қойған.

"Сол кезде ақша толығымен төленді. Бірақ пайдалануға берілген ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұрған жоқ. Осылайша, бюджетке ірі көлемде шығын келді. Бұл қылмыс пандемияға дейін, нақты айтсақ, 2018 жылдың аяғында жасалған", - деп атап көрсетті Еламанов.

Айта кетейік, 2 тамызда экономикалық тергеу қызметі денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің ұсталғанын растады. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді.

Олжас Әбішев денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне 2018 жылы тағайындалған болатын. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері саласына жетекшілік етті.



 




Көрілген: 1131    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31