Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

«Дикий Арман» ұйымдастырған қылмыстық топтың 24 мүшесі жазаланды

15 желтоқсан 2022, 09:36

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман») тиесілі «Қазақстандық» және «Айшуақ-Жантүгел» топтарының қатысы бары анықталды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Бұл туралы Бас прокуратура 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті. «Бұған дейін хабарлғанымыздай, құзырлы органдар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қылмыстық топ мүшелерінің қатысқанын анықтады. Ол — Арман Жұмагелдиевтің («Дикий Арман») «Қазақстандық» және «Айшуақ-Жантүгел» топтары. Олардың қылмыстық әрекетінен азаматтар зардап шекті, қаза болғандар да бар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 24 мүшесі жазаға тартылды», — деді Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында. Сондай-ақ, Бас прокуратура өкілі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұрланған қаруға қатысты мәліметпен бөлісті. «Қару ұрлау және сақтау фактісі бойынша 519 тергеу амалы жүргізілді. Ол бойынша 183 тұлға күдікке ілініп, 154 адам сотталды.

Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 10 аңшылық дүкені тоналып, ол жерден 1 672 мылтық ұрланды. Одан бөлек, 1 288 қызметтік қару қолды болды. Ұрланған қарулардың үштен бірі (958 қару) табылды. Бүгінде 2 мыңнан астам қару әлі бөгденің қолында. Оның қатарында гранаталар, автоматтар, мылтықтар, тапаншалар мен граната атқыштары бар. Сонымен қатар, азаматтар өз еркімен 119 қаруды тапсырды», — дейді ол.

kznews.kz