Дикий Арманды қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды

06 қазан 2022, 17:11

Арман Жұмағалиевті қамауда ұстау мерзімі 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, деп хабайлайды Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2022 жылғы 06 қазандағы мәліметі бойынша, сот шешімімен тергеу органдарының Д.-ны қамауда ұстау мерзімін 11 айға, яғни 7 желтоқсанға дейін ұзарту туралы санкция беру туралы өтініші қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ҚазТАГ