Қылмыс

Дүкендерді бұзып кіріп, темекі өнімдерін ұрлағандар ұсталды

  • Дүкендерді бұзып кіріп, темекі өнімдерін ұрлағандар ұсталды

    Дүкендерді бұзып кіріп, темекі өнімдерін ұрлағандар ұсталды

Тараз қаласында «Коммуналдық базар және «Нұралы» базарларының аумағында орналасқан азық-түлік дүкендеріне бұзып кіріп, ұрлық жасаған күдіктілер қолға түсті,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұзақылар жалпы сомасы 770 000 теңге көлеміндегі темекі өнімдерін ұрлаған. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жедел-іздестіру және арнайы іс-шараларды өткізу барысында Тараз қаласының ПБ 1-полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде ұрлық жасады деген күдікпен осындай қылмыстары үшін бірнеше рет жауапқа тартылған Тараз қаласының 20 және 22 жастағы тұрғындары анықталып, ізін суытпай ұсталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Күдіктілер ұрлықтың төрт дерегі бойынша кінәсін мойындады, қазіргі таңда аталған тұлғалардың басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Полицейлер облыс орталығының кәсіпкерлеріне бизнес нысандарын дабыл сигнализацияларымен, сондай-ақ сыртқы бейне бақылау камераларымен жабдықтау қажеттілігін ескертуде.




Көрілген: 284    Пікірлер: 0

жұма, 18.12.2020, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31