Қылмыс

«Дулаттың ұлына үш жерден пышақ сұққан» - Ағаділдің туысы

  • «Дулаттың ұлына үш жерден пышақ сұққан» - Ағаділдің туысы

    «Дулаттың ұлына үш жерден пышақ сұққан» - Ағаділдің туысы

11 қарашаға қараған түні Нұр-Сұлтанда төбелес кезінде қаза болған Жанболат Ағаділдің үш жеріне - шынтақ тұсы, 4-5 қабырғасының арасы және жүрегіне пышақ тиген. Бұл туралы Азаттыққа 11 қарашада күндіз мәйітханаға барып қайтқан ағасы Таңат Ағаділ айтты. Оның сөзінше, Жанболат Ағаділдің денесінен басқа соққы іздері байқалмаған.

Туыстарының айтуынша, 10 қарашада түнде жергілікті жастар Көктал мен Талапкер ауылы болып бөлініп, төбелескен. Сейсенбі күні Жанболатты достары кешкі сағат 9 шамасында үйде шәй ішіп отырған жерінен алып кеткен. "Қайда барасың?" деген кезде "қазір, бір жерге барып келейін" деп жауап берген. Түні бойы Жанболаттың жоғына алаңдаған туыстары таңертең қайғылы ақпаратты естіген.

"Қайғыдан қан жұтқан Жанболаттың шешесінің халі ауыр" дейді туыстары.

Төбелеске нақты не түрткі болғаны белгісіз. Осыған дейін әлеуметтік желіде полицияның ішкі құжаттарына ұқсас хабарлама тараған едіі. Онда "төбелестің қыз үшін болғаны" айтылады. Бұған қоса, Жанболат Ағаділдің жанында болған бірнеше жігіттің полицияға жеткізілгені, қарсы тарапта 7-8 адам болғаны да жазылған. Азаттық тілшісі Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне хабарласқанмен баспасөз қызметі бұл ақпаратты таратпағанын айтты.

Осыған дейін төбелес кезінде Жанболат Ағаділмен қатар тағы бір адамның жарақаттанғаны хабарланған еді. Бірақ бұл ақпарат ресми расталмады.

Полиция департаменті Жанболат Ағаділдің өліміне байланысты түсініктеме берді
 

Оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бап 2-бөлігі ("Адам өлтіру") және 293-бап 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жанболат Ағаділдің жерлеуі 13 қарашаға жоспарланған.

17 жастағы Жанболат Ағаділ биыл 24 ақпанда әкесі, азаматтық белсенді Дулат Ағаділді полиция түнде үйінен ұстап алып бара жатқанда араша түскен еді. Сол жолы курткасы жыртылған бозбала кейін әкесінің өлімінің әділ тергелуін талап етуімен де көзге түскен.




Көрілген: 1469    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 23:33

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31