«Eden Life» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

25 шілде 2022, 18:01

Елордада "Eden Life" қаржы пирамидасын құруға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы 24.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз орталығына сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Қазір аталған ұйымға қатысты қылмыстық іс тергеліп, тексеріліп жатыр.

 

Мамандар тұрғындармен түрлі сипаттағы инвестициялық бағдарлама келісімдерін жасап, ойдан шығарылған инвестициялық жобаларға қаражат салуды ұсынған тұлғаларды анықтады.

 

Бұл ұйым өзін портфельдік инвестиция және қаржылық кеңес ұсынатын халықаралық қаржылық және аналитикалық компания ретінде көрсеткен.

 

Әлібек Әбділов ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

 

– Департаментте аса ірі көлемде ақша немесе өзге де мүлікке қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, басқа деректер тергеу мүддесі аясында жария етуге жатпайды. ҚР Қаржы мониторингі агенттігі азаматтарды қырағы болуға және YouТube хостингіндегі «Eden Life» жарнамасына алданып, жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырды.