Қылмыс

Еденнің астына жасырған: қостанайлық полицейлер арнайы операция жүргізді

  • Еденнің астына жасырған: қостанайлық полицейлер арнайы операция жүргізді

    Еденнің астына жасырған: қостанайлық полицейлер арнайы операция жүргізді

39 жастағы есірткі сатушыны ұстау операциясы қазан айында басталған, күдікті жанармай құю бекетінің маңында қолға түсті
Жітіқара тұрғыны құны 12,5 миллион теңге болатын героинді еденнің астында сақтаған.

Тергеу барысында полицейлер таразы мен 1 миллион теңгеден астам ақша тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

39 жастағы жергілікті тұрғын "Дәрмек" республикалық жедел-алдын алу шарасы аясында жүргізілген арнайы операция кезінде қолға түскен.

"Есірткі сатушыны ұстау операциясы осы жылдың қазан айында басталды. Бізге қала аумағында героин пайда болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-тергеу әрекеттері арқылы есірткі сатушыны анықтадық. Шекара қызметі мен полицияның арнайы бөлімшесі қызметкерлерінің арқасында 39 жастағы қала тұрғыны жанармай құю бекетінің жанында ұсталды", &ndash деді Жітіқара қаласы мен ауданының полиция бөлімі басшысының орынбасары Әлібек Шандалинов.

 
Күдіктінің үйі мен гаражын тінту кезінде жалпы салмағы 499 грамм героин тәркіленді. Есірткі еденнің астындағы жасырын қоймада сақталған. 

Тергеу әрекеттеріне қызметтік иттер тартылды.

Қазір бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу)  сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша мүлкi тәркiленiп, 10 жылдан 15 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Қылмыстық істі тергеу аясында облыс аумағына есірткі жеткізу арналары анықталуда.

Жалпы жыл басынан бері Қостанай облысында 473 келіден астам түрлі есірткі, оның ішінде 730 грамм героин және 260 грамм синтетикалық психотроптық заттар мен олардың аналогтары заңсыз айналымнан алынды.
 
 




Көрілген: 615    Пікірлер: 0

жұма, 20.11.2020, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31