Қылмыс

Екі адамды өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан қазақстандық тағы да екі кісіні өлтірді

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Қостанай облысының тұрғыны қайталап кісі өлтіргені үшін өмір бойына сотталды. Ол жалпы саны 4 адамның қанын арқалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Алау" басылымына сілтеме жасап.

 

Бұған дейін ер адам екі рет адам өлтіргені үшін 20 жыл түрмеде отырып, 2020 жылы мамырда босатылған.

 

Ал жаңа қылмыс бостандыққа шыққаннан кейін екі ай өткен соң, 2020 жылдың тамызында болды.

 

Кездейсоқ таныстары Э.С.-ны алкогольдік ішімдік ішу үшін Рудный қаласының 53 жастағы тұрғыны мен оның 43 жастағы азаматтық некедегі әйелінің үйіне алып келген. Таныстары кеткен, ол сол үйде қалған. Басқосудан кейін үй иесі мен қонақ жанжалдасып, нәтижесінде Е.С. үй иесін кеудесіне пышақпен бірнеше рет жарақаттады. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қаза болды. Қаскөй әйелді тыныштандыру үшін басқа бөлмеге алып кеткен.

 

"Ол алкогольдік мас күйде және үрейленгендіктен сіз онымен келісіммен жыныстық қатынасқа түсесіз,  содан кейін жұбайының өлімін жасыру үшін екінші пышақ алып, мойын аймағына бірнеше соққы жасадыңыз, сондықтан әйел қылмыс орнында қаза болды", - деді судья сотталушыға.

 

Марқұмдардың денелерін көршілері тауып алған. Кісі өлтіруге күдікті екі күннен кейін ұсталды.

 

Сараптама адамның ақыл-есі дұрыс екенін көрсетті.

 

Сот 41 жастағы күдіктіні екі кісі өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

 

 




Көрілген: 570    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 20:11

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31