Қылмыс

Екі адамның өліміне себепші болған әйел 5 жылға сотталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Алматыда кісі өлімі болған жол апатына кінәлі 59 жастағы әйел сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Жол апаты 2019 жылы 15 қыркүйекте Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

 

«Тoyota Land Cruiser Prado» көлігін жүргізген әйел «жол беріңіз» деген белгіні елемей, бұрылыстан өткен. Ал оған қарсы бағытта келе жатқан «Lexus GX-300» автокөлігі дер кезінде тоқтай алмай, соқтығысқан.

 

 Көліктің бірі сол екпінімен Розыбакиев көшесінің бойында тұрған төрт жаяу жүргіншіні қаққан.

 

«Сот тергеуінде белгілі болғандай, жаяу жүргіншінің бірі – 1992 жылы туған К. есімді азамат жарақаттан оқиға орнында қайтыс болды. Екіншісі – 1994 жылы туған А. есімді азамат ауруханада көз жұмады. Басқа зардап шеккендер медициналық мекемелердің бірінде ұзақ уақыт ем алған», - дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

 

Сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша жүргізілді.

 

Тергеу мен сараптамалық зерттеулер күдікті С.Таникееваның кінәсін дәлелдеді.

 

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты оны екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына кінәлі деп таныды.

 

Ол бес жылға бас бостандығынан айырылды.

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.04.2021, 18:13

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31