Қылмыс

Екі ай бұрын жоғалған арудың денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды

  • Фото: NUZ.KZ

    Фото: NUZ.KZ

Бірнеше ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Анастасия Галееваның денесі Алматы маңындағы су арнасынан табылды. Бұл туралы бойжеткеннің әкесі хабарлаған деп жазады Zakon.kz сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ер адамның сөзінше, қызының денесі бүгін Сарыбұлаққа апаратын су арнасынан табылған.


"Әпкем Алла Галеева оны таныды. Қазір өзім де тану үшін Талғар АІІБ бара жатырмын", - деп мәлімдеген Эдуард Галеев.


Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі аталмыш ақпаратты растады. Ұйымдастырылған іздеу жұмыстары барысында Іле ауданының Междуречинск елді мекенінің маңындағы су арнасы шлюздарының бірінен Анастасия Галееваның денесі табылған.


"Туыстары бойжеткенді таныды. Факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Облыстық полиция департаментінің басшылығы тергеуді өз бақылауына алды. Қыздың денесін су арнасына тастағандарын мойындаған таныстары ешқайда кетпеу туралы тілхат жазған", - деп хабарлады департамент өкілдері.


Еске сала кетейік, Анастасия Галееваны іздеу жұмыстары ақпанның тоғызынан бері жүргізілген.


Бойжеткен Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кетіп, сол күйі із-түссіз кеткен.


Іздеу шаралары аясында полицейлер түрлі болжамдарды тексерген еді. 




Көрілген: 669    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.04.2019, 16:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30