Қылмыс

Екі баланың әкесі: Таразда педофил ұсталды

  • Екі баланың әкесі: Таразда педофил ұсталды

    Екі баланың әкесі: Таразда педофил ұсталды



Таразда үйлердің бірінің подъезінде 9 жасар қызға азғындық жасаған 24 жастағы ер адам ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


педофил


Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев хабарлады.


"24 қыркүйекте сағат 19:00 шамасында Тараз қаласының мөлтек аудандарының біріндегі көпқабатты үйдің подъезінде белгісіз ер адам мас күйінде 9 жасар қызға күш қолданбай азғындық әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған. Бұл дерек бойынша Тараз қаласының полиция басқармасы қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі (жас балаға азғындық әрекет жасау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады", - деді Оразалиев.


Оның айтуынша, іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтап, 24 жастағы облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол өз кінәсін толығымен мойындаған.


Айыпталушы үйленген, екі баласы бар. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.


"Наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде, сондай-ақ  "педофил" санаты бойынша есепте тұрмайды. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Полиция департаменті ата-аналарды мұқият болуға және осыған ұқсас жағдайларды болдырмау үшін жас балаларды қараусыз қалдырмауға ескертеді", - деп жазды полиция департаментінің басшысы.


 



 

 




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.09.2019, 12:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31