Қылмыс

Екі жасар бүлдіршіннің жантүршігерлік өлімі

  • https://almaty.tv/

    https://almaty.tv/

Алматы облысында екі жастағы бүлдіршіннің өлімі ашылды. Оқиға туралы Polisia.kz бағдарламасының кезекті шығарылымында айтылды.

 

2020  жылдың 5 қазанында сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жастағы баланың өлі денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі (Жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді.

 

Полицияға баланың шешесінің туған әпкесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.

Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.

 

Полицейлер дереу күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде  Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған.

 

Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан.

 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 




Көрілген: 447    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.10.2020, 15:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30