Қылмыс

Екі министрліктің жоғары лауазымды шенділеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • © inbusiness.kz

    © inbusiness.kz

Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Осы себепті де біз бюджет қаражатын жымқыруға жол бермеу үшін "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда мүмкіндігінше көп күш салуымыз керек. Бұл туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

- Пандемия барлық мемлекеттерді мемлекеттік басқару жүйесін және қалыптасқан бизнес-процестерді қайта құру арқылы нақты мәселелерді шешуге ғана емес, өзгерістерді тиімді басқару туралы байыпты ойлауға мәжбүр етті. Бүгінгі әлемде бұрын-соңды болмаған сияқты, мемлекеттік басқаруды жеделдетілген цифрландыру тақырыбы өзекті болып табылады.Коронавируспен күрестегі озық тәжірибелерді талдау көрсеткендей, дамыған және іс жүзінде жұмыс істейтін мемлекеттік электрондық қызметтері бар елдер, мысалы, Оңтүстік Корея мен Сингапур, пандемиядан тез арылуға болатындығын көрсетті, - деді Шпекбаев.

 

Оның айтуынша, бюджет қаражаттарының ұрлануына жол бермей, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда мүмкіндігінше көп күш салу қажет.

 

- Осыған байланысты, біз қазіргі уақытта Цифрлық даму, одан соң Білім және ғылым министрліктерінің жоғары лауазымды шенеуніктеріне қатысты цифрландыру бойынша 2 қылмыстық іс тергеліп жатқандығын хабарлаймыз, - деді ол.

 




Көрілген: 786    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 14:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30