Қылмыс

Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

  • Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

    Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

  • Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

    Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтып отыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі судьяға қатысты тергеудің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, бір судья Алматы облысының Ұйғыр ауданында ұсталды. Ол жеке тұлғадан сот актісін оның пайдасына шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде пара алғаны үшін айыпталып отыр.

 


Бұдан бөлек, Қызылорда облысының Шиелі аудандық сотының судьясына қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеуді басталды.

"Ол ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізу арқылы бірнеше азаматтық іс бойынша қасақана әділетсіз шешімдер шығару күдігіне ілінді. Аталған факті бойынша тергеу жалғасуда.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды", - дейді тергеушілер.

Агенттік өкілдері Атырау облысында полиция командирі ұсталғанын да хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің патрульдік-полиция ротасы командиріне қатысты тергеу шаралары басталды. Лауазымды тұлға қызметкерлерді қорқытып, 5 000-нан бастап 70 000 теңгеге дейінгі мөлшерде жүйелі түрде пара алып келгені үшін айыпталып отыр.

"Сот шешімімен М. есімді азаматқа қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді", - дейді тергеушілер.




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

сенбі, 19.09.2020, 00:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31