Екібастұзда мас жүргізушілер ұсталды

15 желтоқсан 2022, 09:48

Екібастұзда мас жүргізушілер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласында 12 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында М. Жүсіп – 50-летие Экибастуза көшелерінің қиылысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері 37 жастағы жүргізуші тоқтатты. Ол мас күйінде Audi автокөлігін басқарған. Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік жүргізу құқығы жоқ екендігі анықталды.

Мас күйінде көлік жүргізген жүргізушіге қатысты әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК 608-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

13 желтоқсан күні сағат 00.00-де Екібастұз қаласында Торайғыров-Қонаев көшелерінің қиылысында ВАЗ 2104 көлігін басқарған 61 жастағы жүргізуші тоқтатылды. Ол куәландыру қортындысына сәйкес, мас күйінде болған. Автокөлікті тоқтатқаннан кейін жүргізуші жазадан қорқып, көліктің есігін кілттеп тастады. Полиция қызметкерінің талабынан кейін ол есікті ашты. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

– Барлық әкімшілік материалдар сотқа жіберілді. Ал көлік құралдары арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Күнделікті жұмыста полиция қызметкерлері жүргізушілердің мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша қарқынды жұмыс істеп жатыр, – деп атап өтті Екібастұз қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Төлеген Құдайбергенов.

Айта кету керек, жылдың басынан бері Екібастұз өңірінің жолдарында полиция мас күйінде көлік құралдарын басқарған 243 жүргізушіні анықтады. Әрқайсысы қолданыстағы заңнама шеңберінде жауапкершілікке тартылды.