Қылмыс

Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео

  • Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео

    Екібастұздық блогер бала зорлады деген күдікпен қамалды – видео

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Екібастұздық блогер кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 3-1 бөлігі (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған қылмысты жасады деген күдікпен 40 жастағы ер адам Екібастұздың уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция тергеу құпиясын сақтау мақсатында басқа мәліметтерді хабарлаған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан бап бойынша 12 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар әлеуметтік желіде күдіктінің әпкесі бауырының қылмыс жасамағанын мәлімдеп, видео жариялады. Ол жерде әйел көпшіліктен көмек сұрайды. 

"Сараптама қыздың пәк екенін көрсетті. Екі сараптама жасалды", - дейді әйел видеода.

Оқи отырыңыз: Адам саудасы: полиция үш күн ішінде 50-ден астам қылмысты анықтады

Сондай-ақ, әйел полиция тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын хабарлады. Блогердің әпкесі бауырының кәмелетке толмаған үш қызы бар екенінін, оның жақында ғана педофилді ұстағанын айтты.


 




Көрілген: 165    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31