Қылмыс

Екінші күйеуін де өлтірген әйел 11 жылға сотталды

  • https://kokshetau.asia/

    https://kokshetau.asia/

Қарағанды облысының түрғыны күйеуін өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірінші күйеуі де осыдан 15 жыл бұрын айыпталушы әйелдің қолынан қаза тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, күйеуін өлтіргеннен кейін әйел түрмеден босап шығып, көп ұзамай өзге ер адаммен азаматтық некеде тұра бастады.

 

Бір күні күйеуі ішімдік ішіп, әйелмен жақындаспақ болыпты. Ал келіншек оның бетін қайтарып жіберген. Сол үшін ер адам әйелге қол көтеріпті.

 

Ол балконға шығып, көмек шақыра бастаған. Ер адам артынан барып, келіншекті пәтерге қайта кіргізген.

 

"Ас үйге кірген әйел үстел үстіндегі пышақты алып, жәбірленуші отырған қонақ бөлмесіне барған. Келіншек суық қаруды оның кеуде тұсына сұғып жіберіпті. Алған жарақатынан ер адам оқиға орынында тіл тартпай кеткен", - деп хабарланды Қарағанды облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта.

 

Келіншек полициядан жасырынбай, құқық қорғау органдарын өз еркімен шақыртқан.

 

Ол ұрып-соғудан қорғану мақсатында осылай жасағанын айтып, өз кінәсін мойындады. Алайда тергеу бұл сөзбен келіспеді.

 

Қайрат Қасымовтың үкіміне сәйкес, ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. 




Көрілген: 593    Пікірлер: 0

бейсенбі, 27.02.2020, 16:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31