Қылмыс

Экс-министр Біртанов тағы бір іс бойынша күдікті деп танылды

  • © Sputnik / Абзал Калиев

    © Sputnik / Абзал Калиев

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко Sputnik Қазақстан тілшісіне өзінің қорғауындағы азамат тағы бір іс бойынша күдікке ілінгенін хабарлады.

 

Куряченконың айтуынша, автоматтандырылған ақпараттық жүйені 17,8 миллион долларға жеткізу туралы істі тергеу барысында Біртановтан бірнеше рет кінәсін мойындауды талап еткен, бірақ экс-министр үзілді-кесілді бас тартқан. Осыдан кейін, адвокаттың айтуынша, экс-министрді жаңа қылмыстық істер қозғаймыз деп қорқыта бастаған.

 

Адвокаттың пікірінше, экс-министр коронавируспен ауырған уақытта оны санитарлық авиация арқылы Тараздан Нұр-Сұлтанға жеткізген кезде заң бұзушылыққа жол берілгені туралы істің тергеле бастауы дәл осы жағдаймен байланысты.

 

"7 сәуірде тергеуші оны (Біртановты) санитарлық авиация туралы іс бойынша шақырған кезде, ол тергеушіге қоқан-лоққы жасалып жатқанын түсіндіріп, өз құқығын пайдаланып, түсініктеме беруден бас тартты. Бірақ тергеуші кім қоқан-лоққы жасағанын бірден анықтамады. Бес сағаттан кейін ғана қимылдай бастады. Бұл оның (тергеушінің) қоқан-лоққы туралы айтпай-ақ білетінін болжауға негіз болды. Ал алдыңғы күні (12 мамырда) тергеуші Біртановты COVID-19 індетін жұқтырған уақытта оны Тараз қаласынан Нұр-Сұлтанға тасымалдау кезінде бюджет қаражатын талан-таражға салған күдікті ретінде таныды", - деп Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко Sputnik Қазақстан тілшісіне жағдайды түсіндірді.

 

Оның айтуынша, ол өзінің қорғауындағы азаматтың айналасындағы жағдайдың өрбуі қатты таңғалдырған.

 

"Қатты таңғалдым. Менің түсінуімше, әлгі істе оны (Біртановты) қудалауға ешқандай себеп жоқ. Шындығында ақылға қонбайтын нәрселерді ойлап тапқан. Бірақ бұл жағдайды осы (жаңа) іспен түзетуге тырысып жатыр", - деді Куряченко.

 

Еске сала кетейік, мамыр айының басында сот Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартты.

 

Бұған дейін белгілі болғандай, Біртановты үйқамақта ұстау шарты жеңілдетілді – оған үйден сағат 8:00-ден 19: 00-ге дейін шығуға рұқсат етілді. Сонымен қатар, ол коммерциялық құрылымға жұмысқа орналасты.

 

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  сотында ешқандай сыбайлас жемқорлық қылмысын жасамағанын мәлімдеді.

 

Прокурордың айтуынша, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов "платформаның жұмыс істемейтінін біле тұра" және "Олжас Әбішевпен (бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі) алдын ала келісу арқылы 2018 жылдың қазанында Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 17 емдеу мекемесінде платформаны пилотты негізде пайдалану туралы бұйрыққа қол қойған.

 

"Елжан Біртанов, Олжас Әбішев және басқа да тұлғалар өздерінің қылмыстық іс-әрекеті арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын талан-таражға салып, мемлекетке ірі көлемде, нақтырақ айтсақ, 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар көлемінде материалдық шығын келтірген", - деді мемлекеттік айыптаушы.

 

Біртановтың қорғаушылары экс-министрдің кінәсіздігін алға тартып отыр.

 

 

 

 

sputnik.kz/




Көрілген: 794    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 00:02

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30