Қылмыс

Елімізде жалған диплом сататын сайт анықталды

  • Елімізде жалған диплом сататын сайт анықталды

    Елімізде жалған диплом сататын сайт анықталды

Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари Facebook парақшасына жоғары білім туралы дипломдарды сатуды ұсынатын сайттарды анықтау мақсатында интернет-ресурстарға мониторинг жүргізіліп жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Біз интернетте дипломдарды сататын ресурстарды үнемі қадағалап отырамыз. Анықталған кезде дереу әрекет етіп, арнайы органдарға арыз жібереміз, сосын домен өшіріледі», - деді ол.

Жақында дәл осындай ресурс анықталды.

«Белгілі бір аккредитацияға сілтемелер бар бағасы жазылған дайын дипломдар. Достар, абай болыңыздар! Оқу орындары берген барлық дипломдар тіркеледі. Олар біздің деректер қорымызда сақтаулы. Жай ғана қағаздың болуы жеткіліксіз. Жалған дипломы бар адамның оқыған-оқымағанын анықтау қиын емес», - деп ескертті ол.

Сондай-ақ, вице-министр елімізде жоғары білім туралы дипломның түпнұсқалығын тексеру қызметі құрылып, сынақтан өткізіліп жатқанын атап өтті.

 

 




Көрілген: 432    Пікірлер: 0

жұма, 24.07.2020, 08:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30