Қылмыс

Еліміздегі криминалды өңірлердің көшін Алматы бастап тұр

  • Еліміздегі криминалды өңірлердің көшін Алматы бастап тұр

    Еліміздегі криминалды өңірлердің көшін Алматы бастап тұр

  • Еліміздегі криминалды өңірлердің көшін Алматы бастап тұр

    Еліміздегі криминалды өңірлердің көшін Алматы бастап тұр

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі осы жылдың III тоқсанындағы қылмыстық статистикамен бөлісті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат порталы.

Ұлттық статистика бюросы (бұрынғы статистика комитеті - ред. түсіндірмесі) таратқан мәліметтерге сүйенсек, Былтырмен салыстырғанда, қылмыс деңгейі 34,4%-ға төмендеген: 2020 жылғы III тоқсанда 126499 қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліпті. 

Республика бойынша 10 мың тұрғынға шаққанда қылмыскерлердің саны 90-ды құраған. Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қостанай облысы еліміздегі қылмыс көп тіркелген өңірлердің көшін бастаса, Шығыс Қазақстан облысы "ең тыныш" аймақ атанды. 

Төмендегі статистикадан Қазақстанның өңірлері бойынша қылмыс деңгейін көрсеткішіні көре аласыздар: 

Елімізде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 65,2% артыпты. Ең жиі кездесетін қылмыс - біреудің жеке меншігіне жасалған зардап (73,6%). Оның ішінде біреудің мүлкін ұрлау ең жиі кездеседі екен: 2020жылдың ІІІ тоқсанында 52,8 мың қылмыс анықталыпты. 

Жеке адамға қарсы жасалған қылмыстар саны 7052-ні құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,7% аз. Зорлау &ndash 39,6%, қорқыту &ndash 26,4%, адам ұрлау &ndash 24% қылмыстары бойынша төмендеу белгіленді.

Бқған қоса,  қасақана кісі өлтіру және адам өлтіруге оқталу саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 15,4% артқан.

Еліміз бойынша адам өлтірудің ең жоғары деңгейі Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, ең төмені Шымкент қаласында байқалады: 

Республиканың құқық қорғау органдары қылмыс жасаған 57,2 мың адамды анықтады (2019 жылғы III тоқсанмен салыстырғанда 23,1% аз), 28,2 мың адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бір айта кетерлігі, қылмыс жасаған барлық анықталған адамдардың көпшілігі жұмыссыздар - 82,2% екен.

Орташа алғанда Қазақстанда қылмыс жасаған әрбір жетінші адам мас күйінде, әр тоғызыншысы дерлік &ndash топ құрамында болған.

Қылмыс жасаған адамдардың 2,4%- ы - кәмелетке толмағандар.




Көрілген: 259    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31