Қылмыс

Елорда ер адам егде әйелді соққыға жығып, сөмкесін тартып алмақ болды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Елордада Нұр-Сұлтан қаласының бұрын бірнеше рет сотталған 32 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Кешкі уақытта тұрғын үйдің жанынан өтіп бара жатқан ер адам кіреберістің қасында сөмкесінен кілт іздеп тұрған егде жастағы әйелді көріп қалған. Жәбірленушінің кіреберіске есігін ашқан сәтін пайдаланған қаскүнем онымен бірге кірген. Онда ол әйелді бірнеше рет ұрып жіберіп, қолындағы сөмкесін тартып алмақ болған, алайда жерге құлаған әйел көмекке шақыра бастады. Оның айқайынан қорыққан қылмыскер сол жерден ізін жасырған.

 

Ұсталған ер адам өз кінәсін мойындады.

 

Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

 

Ер адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

Тергеу амалдары жүргізілуде, күдікті ер адамның бұрын елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

 




Көрілген: 308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 10.02.2021, 17:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30