Қылмыс

Елорда маңында ұры бір түнде 4 көлікті тонаған

  • https://www.drive2.ru/

    https://www.drive2.ru/

Елорда маңындағы Ильинка елді мекенінде тұрғын үй жанында тұрған 4 шетелдік көлікті тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті түн уақыттында көпқабатты үйлердің ауласында тұрған көліктердің есігін тартып көріп, ашық тұрғандарына ұрлыққа түскен.

 

Жас жігіттің қолшаммен көліктердің салонын тінтіп жатқан түнгі жорығы бейнебақылау камераларына да түсіп қалған.

 

«Мерседес» маркалы көліктің иесі, зардап шегушілердің бірі полицияға жүгініп, 40 мың теңге сомасындағы ақшасының ұрланғандығын хабарлады.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталған 26 жастағы жігіт болып шықты.

Тергеу барысында ол тағы 4 көлікке ұрлыққа түскенін мойындады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктінің елорда аумағында жасалған дәл осындай өзге де қылмысқа қатысы тексерілуде», - деді департаменттен.

 

 

 




Көрілген: 239    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 18:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31