Қылмыс

Елорда соты адам ағзасын заңсыз трансплантациялаған дәрігерге үкім шығарды

  • https://mk-kz.kz/

    https://mk-kz.kz/

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты адам ағзасын заңсыз ауыстыруға қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Нұр-Сұлтан қалалық сотының мәліметінше, Б.Тайсалованың 2017-2018 жылдары аралығында Қазақстандағы шетелдік компанияның мүдделерін білдіре отырып, қазіргі уақытта халықаралық іздеуде жүрген адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы әрекет еткені анықталды.

 

Б.Тайсалова оларға тірі адамдардың органдарына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға көмектескен. Бұл ретте, донор мен реципиенттің туыстық байланыстары туралы жалған құжаттарды пайдаланып, нотариалды ресімделген келісім туралы өтеусіз мәлімдемелерді Қазақстанның медициналық мекемелеріне ұсынған. Солардың негізінде ағзаларды ауыстырып орналастыру жүргізілген.

 

Сондай-ақ трансплантацияны жүзеге асыратын дәрігерлер Г. Құттымұратов пен А.Донбай құжаттардың жалғандығы туралы білмейтіні анықталды.

 

Ағзаларды ауыстырып орналастыру бойынша барлық операциялар тиісті құжаттарды ресімдей отырып, ресми түрде жүргізілген.

 

Операцияларға ақы төлеу медициналық мекеменің бухгалтериясы арқылы орын алған.

 

Осыған байланысты Құттымұратов пен Донбай ағзаларды заңсыз ауыстыруда кінәсіз деп танылды.

 

Алайда, Құттымұратов жүргізген ағзаларды ауыстырып салу операциясынан кейін пациент ВИЧ жұқтырған, яғни соңғысы өз міндеттерін тиісінше орындамаған.

 

Тайсалова ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 116-бабының 2-бөлігі 3,4-тармақтары, 385-бабының 3-бөлігі бойынша 6 жылға бас бостандығынан айырылды (жаза 6 жыл 8 айдан аспауы керек).

 

Құттымұратов ҚК-нің 317-бабы 5-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды (барынша ең жоғары жаза).

 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.




Көрілген: 415    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 21:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31