Қылмыс

Елордада алаяқ әмиянын "жоғалтып", оны қайтарған адамдарды тонап келген

  • © stan.kz

    © stan.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың тағы бір түрі туралы айтып берді, деп хабарлайды   Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.


Тәртіп сақшыларының айтуы бойынша, алаяқ әдейі адамдар көп жүретін жерлерде, яғни парктер мен скверлерде "жұмыс істеген". Жалғыз серуендеп жүрген азаматтарды таңдап, сол адамның жанынан өтіп бара жатып байқаусызда білдіртпей әмиянды тастап, кетіп қалған. Адамдар ешқандай жамандықтан күдіктенбестен әмиянды көтерген. Осы сәттен бастап алаяқ әрекет ете бастаған. "Тауып алған" әмиянды қолына ұстап тұрған адамның қасына келіп әмиянның ішіндегі ақшаны санай бастайды да онда ірі көлемдегі ақшаның жетпейтіндігін анықтайды және табанды түрде дау шығара бастайды.


Дауласу және жоғалып кеткен ірі сомадағы ақша қаражатын нақтылау кезінде алаяқ жәбірленушінің ақша қаражатын бірнеше рет санайды, сол кезде саусақтарының арасына купюраларды білдірместен қысып алып, бөтен адамның ақшасын иемденген.


Осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін елордалық полиция қызметкерлері Ақмола облысының тұрғынын ұстады.


Қазіргі уақытта ұсталғанға 2 осыған ұқсас факті дәлелденуде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.


Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті осындай жағдай туындаған кезде "102" нөміріне хабарласуды және қандай жағдай болмасын, өз ақша қаражатын бөтен адамдарға бермеуді ұсынады.


Осы тұлғаның заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды "Бейбітшілік" көшесі 19 мекен жайында орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне немесе 8 (7172) 71-60-24, 71-60-69 немесе "102" телефондарына хабарласуды сұрайды.  




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.07.2019, 09:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31