Қылмыс

Елордада әйелдерді алдаумен айналысқан алаяқ ұсталды

  • Сурет интернеттен алынды

    Сурет интернеттен алынды

Полиция анықтағандай, ер адам осыған ұқсас тағы екі қылмысты жасады деген күдікке ілінген және бұрын алаяқтық үшін сотталған.

 

Нұр-Сұлтанда алаяқ ұсталды, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

 

«Әйел ер адаммен әлеуметтік желіде танысқан. Бірте-бірте ер адам оның сеніміне кіріп, өзінің байланыстары арқылы төмен бағамен пәтер сатып алуды ұсынады. Жәбірленуші келісіп, 4 миллион теңгені жаңа досына береді. Ақша алғаннан кейін ер адам телефон қоңырауына жауап беруді біртіндеп доғарып, содан кейін мүлде байланысты үзеді», &ndash делінген хабарламада.

 

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті анықталып, қамауға алынды.

 

Полиция анықтағандай, ер адам осыған ұқсас тағы екі қылмысты жасады деген күдікке ілінген және бұрын алаяқтық үшін сотталған.

 

Алдау үшін ол романтикалық қарым-қатынаста болған әйелдерді таңдаған. Күдікті сенімге кіре отырып, пәтерді арзан бағамен сатып алуды немесе қымбат телефонды арзанға сатып алуды ұсынады.

 

Ұсталған адам Нұр-Сұлтан қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Аалаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Оның елордада жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барлығы тексеріліп жатыр.

 

aikyn.kz




Көрілген: 603    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 17:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31