Елордада бір көліктен газ тапаншасы мен 12 мемлекеттік нөмір табылды

07 сәуір 2022, 08:26

32 жастағы ер адам Toyota Camry маркалы автокөлігімен мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүйткіп жүрген, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер адам сағат 11:54-те Тұран даңғылы бойында ұсталды. Тексеру барысында одан есептен шығарылған 12 мемлекеттік нөмір, жиналмалы пышақ, газ тапаншасы және төрт оқ-дәрі табылды.

 

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

 

Сараптама тағайындалды.

 

Көлік коммуналдық тұраққа қойылды.