Қылмыс

Елордада дүкенге қарақшылық шабуыл жасаған ер адам өзіне пышақ сұғып алды

  • Көрнекі фото.  https://murmansk.bezformata.com/

    Көрнекі фото. https://murmansk.bezformata.com/

Астанадағы азық-түлік дүкендеріне қарақшылық шабуыл жасаған ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 

Полицейлер келгенде ол өзіне пышақ ұрған. Болған жайт бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

 

«15 маусымда таңғы сағат жетілер шамасында Гоголь көшесіндегі дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Дүкенге ер адам басып кірген. 28 жастағы сатушыны пышақпен қорқытып, оны далаға алып шыққан. Дүкенде қалған екінші сатушыдан ол есіктің кілтін алып, іштен құлыптап алды. Сол кезде 26 жастағы қыз дабыл қоңырауын басып үлгерген», - делінген аталған хабарламада.

 

Оқиға орнына полицейлер мен жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жеткен. Күдіктінің алкогольді ішімдікке мас екені бірден анықталыпты. Ол өзін өте агрессивті ұстаған. Полицейлер қосымша есіктен кіргенде, ер адам сатушы қызға пышақ кезеп, өзіне жоламауды талап етіпті.

 

«Күдікті өзге жаққа алаңдап тұрғанда кепілде болған сатушы қыз қашып шыққан. Полицейлер күдіктіні ұстауға кіріскенде ол қолындағы пышағын өз кеудесіне сұғып алды», - делінген полиция таратқан хабарламада.

 

31 жастағы ер адамды жедел жәрдем ауруханаға алып кетіп қалды.

 

 

 




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 00:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31