Қылмыс

Елордада екі жігіт жабылып қыз зорлаған

  • © Nur.kz

    © Nur.kz

Қырғызстанның жазалауды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі жабылып қыз зорлады деген айып тағылып отырған қазақстандықты экстрадициялады. Аса ауыр қылмыс жасаған қаскөй Қырғызстанға қашып кеткен болатын.


"Қырғызстанның Бас прокуратурасы Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауын қанағаттандырып, Шоқан Әбілқасымовты елге қайтарды", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.


Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) тұрғынын жабылып зорлады деген айып тағылған қазақстандыққа мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.


Оны 2019 жылдың наурыз айында Қырғызстанның құқық қорғау органдары Шу облысының Аламудун ауылында қолға түсірді. Әбілқасымовты елге қайтаруды Қырғызстанның жазалауды орындау жөніндегі мемлекеттік қызметі ұйымдастырды, деп жазылған хабарламада.


Қадағалаушы орган мәліметіне сәйкес, 6 мамыр күні Әбілқасымов Қазақстанға қайтарылып, тиісті органдарға тапсырылған.


Нұр-Сұлтандағы қылмыс


2017 жылдың жазында астана тұрғынын екі жігіт жабылып зорлаған еді. Жәбірленуші қыз қашамын деп терезеден секіргенде, ауыр жарақат алды.


Күдіктілердің бірі Мұрат Ыдырысов бірден қолға түскен болатын. Ол 2018 жылдың 18 қаңтарында жасаған қылмысы үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.


Екінші күдікті – Шоқан Әбілқасымов қашып кеткен еді. Ол осы уақытқа дейін көрші елде жасырынып жүрген.


Sputnik


 


 




Көрілген: 1053    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 22:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31