Қылмыс

Елордада екі қаржы пирамидасы тұрғындарға 300 млн теңге шығын келтірді

  • © arnapress.kz

    © arnapress.kz

Астанада қаржы пирамидаларын құрған тұлғалар анықталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидасы ретінде жұмыс істеген екі компанияны әшкереледі.

 

Атап айтқанда, компаниялар «Otbasy men jastardy qoldau qory» Корпоративтік қоры және «Invest Consulting Agensy» ЖШС ретінде жұмыс істеп, азаматтардың қаражатын заңсыз тартқан.

 

«Салдарынан 300 млн теңгеден астам шығын келтірілді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысы бойынша, «Otbasy men jastardy qoldau qory» Корпоративтік қоры және «Invest Consulting Agensy» ЖШС-ның жұмысы заңсыз және қызмет етуіне тиісті рұқсаты жоқ. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары барысында қажетті барлық тергеу шаралары жүргізілуде. Қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта зардап шеккендерге келтірілген шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдануда. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері тергеу мүддесіне орай жариялануға жатпайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінен.

 

 




Көрілген: 356    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31