Қылмыс

Елордада жол жөндеп жатқан жұмысшыларды соққыға жығып, пышақтап кетті

  • Фото: samara.kp.ru

    Фото: samara.kp.ru

Елордада жол-құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан жұмысшыларды соққыға жығып, пышақтап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

 

Оқиға салдарынан қалалық ауруханаға пышақпен жарақаттанған үш жұмысшы жеткізілді.

 

Түнде «102» арнасына Алаш тас жолы бойындағы көпірде жаппай төбелес болып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Жол-құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар бригадасына шабуыл жасалған.

 

Сағат 00:40 шамасында «Лексус» көлігіне мінген белгісіз ер адамдар жөндеу жүріп жатқан жерге қарай өтпекші болған. Сөзге келіп, кейін төбелеске ұласқан жанжал барысында «Лексус» жүргізушісі мен жолаушылары жұмысшыларға пышақ салған.

 

Оқиға орнына уақтылы жеткен полицейлер көлік жүргізушісі мен жолаушыларын ұстады. Оқиға орнын тінту кезінде пышақ табылып, тәркіленді.

 

Қазіргі уақытта төбелесті бастаған 29 және 20 жастағы екі азамат ұсталып, Полиция департаментінің уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Тергеу жүріп жатыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 21:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31