Қылмыс

Елордада қарияларға "қамқоршыл" болған алаяқ ұсталды

  • https://rusevik.ru/

    https://rusevik.ru/

Елорда полицейлері егде жастағы әйелді тонады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

 

Анықталғандай, ер адам көшеде келе жатқан 85 жастағы әйелдің қасына барып, азық-түлік салынған сөмкесін үйіне апарып бермек болды. 44 жастағы ер адамның әжейге бұған дейін де көмектесіп жүргені белгілі болды. Кейінірек ол үйдің кіреберісінде әйелдің пәтерден шыққанын күтіп тұрған. Ол есікті ашқан кезде, пәтеріне кіріп алған ер адам күш қолданып, зейнеткердің алтын сырғасы мен кәдесый пышағын алып кетті.

 

Сарыарқа аудандық ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын сотталған, жұмыссыз қала тұрғынын ұстады. Қазіргі кезде ол уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, оның осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы анықталу үстінде.

 

ҚР Қылмсыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлімімен сот алды тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Аталған адамның әрекетінен зардап шеккен, немесе оның заңға қайшы іс-әрекеттері туралы қосымша ақпараты бар азаматтар Сарыарқа аудандық полиция басқармасына (Ақбұғы көшесі 2-үй) келуге немесе 71-60-80, 71-63-16, 71-60-28 немесе 102 нөміріне хабарласуы керек.


 




Көрілген: 359    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.04.2020, 16:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31