Елордада көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды

14 сәуір 2022, 08:28

«Нұр-Сұлтан қаласында көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
«Жалған мемлекеттік нөмірлер» жедел -алдын алу іс-шарасы барысында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қазақстандық жалған нөмірмен жүрген көлік жүргізушісін тоқтатты. Белгілі болғандай бұл автокөлік Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған. Көлік құралын жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен басқарғаны үшін азамат ҚР ӘҚБК 590 б., 4 тармағы бойынша әкімшілік жазаға тартылады», деп көрсетті елордалық полицейлер.

Автокөлік айып тұрағына жеткізілді.