Қылмыс

Елордада коттежде интимді қызмет көрсетіп, массаж жасайтын салон анықталды (видео)

  • Елордада коттежде интимді қызмет көрсетіп, массаж жасайтын салон анықталды (видео)

    Елордада коттежде интимді қызмет көрсетіп, массаж жасайтын салон анықталды (видео)

Елордалық полицейлер түнгі рейд кезінде массаж бен интимді қызмет көрсететін коттеджді тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, полиция қызметкерлерінің назарына коттедж түскен. Мұнда массаж қызметін көрсеткені анықталды.

Полицияның айтуынша, салондағы қыздар клиенттерге тек қана массаж жасап бермей, ақысына интимді қызмет те көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының ақпаратынша, салонның иесі 26 жастағы қыз болған. Оған ғимаратты жезөкшелікке беру және шектеу шараларын бұзу бойынша айыппұл салынған.

Карантин бұзғандардың бәрі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды.

Еске сала кетсек, бұған дейін елордада интимді қызмет көрсеткен массаж салоны анықталғанын хабарлаған едік.

Рейд кезінде екі коттеджде орналасқан "Резидент" және "Thai Boss" деп аталатын массаж салондары анықталды. Белгілі болғандай, салондарда интимдік қызметпен қатар боди массаж қызметтері де көрсетілген.

Тәртіп сақшылары 14 қыз, сонымен қатар салон әкімшісін ұстады. Олар бөлімшеге жеткізілген.

Қыздардың барлығы ақша табу үшін әртүрлі қалалардан Нұр-Сұлтанға келгені атап өтіледі. Олар Әкімшілік кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды.

Сондай-ақ бұған дейін Түркістан облысының полицейлері жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды жойды.




Көрілген: 1715    Пікірлер: 0

жексенбі, 11.10.2020, 17:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30