Қылмыс

Елордада өгей әке 7 жасар баланы азаптаған

  • Көрнекі сурет.   © tvrts.ru

    Көрнекі сурет. © tvrts.ru

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 7 жастағы баланы сабау оқиғасына қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Департаменттен хабарланғандай, қалалық ауруханаға әртүрлі дене жарақатымен жасөспірім бала түскен.


«Аталмыш факт бойынша ҚР ҚК 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр жарақат келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу барысында анықталғандай, 7 жасар бала өз анасы және өгей әкесімен бірге тұрған. Аталмыш іс бойынша терең талдау жүргізе отырып, полиция мынадай қорытындыға келіп отыр: бала шешесімен бірге тұрып жатқан ер адамнан жиі жәбір көрген. Баланың айтуынша, үйде анасы болмаған кезде күндізгі уақытта ер адам оны сабап жүрген. Кей жағдайда тіпті балаға түні бойы ұйқы бермей, көбейту кестесін жаттатып қойған. Баланы азаптау жағдайы жиі орын алып отырған», - делінген департаменттің хабарламасында.


Куәгерлердің жауаптары мен тергеу амалдарына сүйене отырып, әлгі ер адам баланы сабау фактісіне қатысты күдікті ретінде танылды. Ер адам ұсталып, уақытша оқшаулағышқа қамалған.


Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.


 




Көрілген: 959    Пікірлер: 0

жұма, 03.05.2019, 19:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31