Қылмыс

Елордада өзінен 10-15 жас үлкен әйелдерге "ғашық болғыш" жігіт ұсталды (фото)

  • https://zen.yandex.ru/

    https://zen.yandex.ru/

Астаналық полицейлер өзінен үлкен әйелдерді алдап жүрген алаяқты ұстады. 34 жастағы ер адамның фотосы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

 

Нұр-Сұлтан полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілер арқылы көбінесе 40-50 жастағы әйелдермен танысқан. Оларға шын аты-жөнін айтпаған. Біреуге "Алмас" десе, басқасымен "Алматпын" деп танысыпты. Барлығына банктің қауіпсіздік қызметінде немесе мемлекеттік қызметте жұмыс істейтінін айтқан.

 

"Ал әйелдердің сеніміне кіргеннен кейін ақшаға жоғары жалақысы бар қызметке орналастыруға ұсыныс жасаған. Тіпті біреуінің атынан кредитке телефон алыпты. Ақшасын кешіктірмей төлеп тұрамын деген уәдесін орындамаған", - дейді полицейлер. 

 

Алаяққа алданған тағы бір әйел құндыз тонын бере салыпты. "Алмас" оны химиялық тазартуға апарып тастаймын деген. Бірақ ақшаға айырбастап, қашып кеткен.

 

Қазіргі кезде тәртіп сақшылары алаяқтың әрекетінен зардап шеккен 8 адамды анықтады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.

 

Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адамның осы іспетті басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

 

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті фотода көрсетілген адамның әрекетінен зардап шеккендерді 61-30-68, 71-64-90, 71-65-58. 8-775-601-11-00 немесе 102-ке хабарласуды сұрайды.

 

 

 

sputnik.kz

 




Көрілген: 2804    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.05.2021, 11:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30