Қылмыс

Елордада ұры аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерді тонаған

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Астаналық полицейлер аулада ойнап жүрген баладан кілт алып, пәтерден 8 млн теңгенің бұйымын қолды еткен 23 жастағы жігітті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Анықталғандай, ата-анасы үйде жоқ кезде 10 жасар бала аулаға доп тебуге шығады. Мән-жайға қанық болған жігіт баланың сөмкесінен кілтті алып, пәтерге кірген де, зергерлік бұйымдар мен компьютер техникаларын қолды еткен.


Полицейлер үш күнде күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол Қызылорда облысының тумасы болып шықты.


Полицейлер ломбардқа тапсырылған заттарды алып, иелеріне қайтарып берді.


Күдікті кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.


 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.07.2019, 16:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31