Қылмыс

Елордада зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті (видео)

  • Елордада зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті (видео)

    Елордада зейнеткерді ұрып-соғып, тонап кетті (видео)

Елордада зейнеткерді тонап кетті, оқиға видеоға түсіп қалды. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

78 жастағы ақсақал Нұр-Сұлтан қаласы полициясына өзін ұрып, тонап кеткені туралы хабарлаған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері бірден күдіктіні іздеуге кірісіп, оны ұстады.

 Қария түскі уақытта Бейсеков көшесінде үйіне бара жатқан. Осы сәтте бір жас жігіт келіп, түскі асты қайдан ішуге болатынын сұрады.

"Күдікті қарт адам жолды түсіндіре бастағанда, жұдырықпен ұрады. Қарақшы одан ақша, құжаттар және екі ұялы телефон салынған әмиянын күшпен тартып алды. Осыдан кейін шабуылдаушы қашып кеткен. Гараж аумағында ол барсеткадан ақша, ұялы телефонды алып, құжаттарды лақтырып жіберген", - деді елорданың полиция департаменті.

https://www.facebook.com/watch/Нұр-Сұлтан-қаласының-Полиция-департаменті-210440866121622/

Ведомствоның жедел басқару орталығы қызметкерлерінің жедел әрекет етуі күдіктіні анықтауға көмектесті. Патрульдік полиция полкінің экипажы 30 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. "Тонау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 16:36

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30