Қылмыс

Елордадағы құрылыс алаңына ұрлыққа түскен ағайындылар күзетшіні пышақтаған

  • https://ona.az/

    https://ona.az/

Елордада салынып жатқан көлік жуу орталығының күзетшісін соққыға жығып, 2 млн теңгенің құрылыс материалдарын ұрлап кеткен күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кешкісін құрылыс нысанын күзету кезекшілігіне түскен 33 жастағы елорда тұрғыны таңғы сағат 05.30 шамасында көшеден бөгде дыбысты естиді. Есікті аша берген сәтінде белгісіз біреулер соққы жасап, одан кейін басына цементтен босаған қап кигізген.

 

Қарақшылар күзетшіні бөлмеге сүйреп әкеліп, қолы мен аяғын байлап тастайды. Қарсылық танытпақ болған оған қылмыскерлер пышақ сұғып, есінен танғанша темірмен ұрған.

 

Ес-түссіз жатқан адамды таңертең жұмысқа келген құрылысшылар тауып алады.

 

«Құрылыс алаңынан жалпы құны 2 млн теңге болатын тауарлық-материалдық құндылықтар мен күзетшінің жеке заттары ұрланғаны анықталды. Ұрланған заттарды еш кедергісіз алып кетуге құрылыс алаңында қауіпсіздік жүйесінің жоқтығы жол берген. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының барысында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер анықталып, ұсталды. Олар бұған дейін бірнеше рет сотталған 42 және 34 жастағы ағайындылар болып шықты. Ағайындылар құрылыс алаңынан ұрланған тауарлық-материалдық құндылықтарды Қосшы ауылына жеткізіп үлгерген. Олар материалдарды сол жерде сатуды жоспарлаған. Күдіктілерді полиция қызметкерлері қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше сағаттың ішінде ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдіктілер уақытша оқшаулағышқа қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 192-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ведомстводан.


 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.09.2020, 21:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31