Елордалық арнайы ХҚКО қызметкерлері ұсталды

15 мамыр 2023, 22:20

"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінің ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі елордалық арнайы ХҚКО қызметкерлерін ұстауға мемлекеттік корпорация орталық аппаратының Ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің бастамашы болғанын хабарлады.

 

"2022 жылғы 20 сәуірде процессуалдық шаралар қабылдау үшін Антикорға Астана қаласындағы арнайы ХҚКО-ға 16 көліктің заңсыз тіркелгені туралы 01-28-08/3077-И нөмірлі хат жолданды", - деп түсіндірді компания өкілдері.