Қылмыс

Елордалық қыздар әлеуметтік желілер арқылы алаяқтардың арбауына түсіп қалған

  • Елордалық қыздар әлеуметтік желілер арқылы алаяқтардың арбауына түсіп қалған

    Елордалық қыздар әлеуметтік желілер арқылы алаяқтардың арбауына түсіп қалған

Елордалық қыздар әлеуметтік желілердегі алаяқтардың кесірінен зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан полициясына екі айда интернеттегі алаяқтық бойынша екі әйелден шағым түскен. Олар шетелдік жігіттермен Facebook, Mail.ru әлеуметтік желілері арқылы танысқан және бірнеше ай бойы бір-біріне романтикалық SMS жазған.

"Сеніміне кіру үшін алаяқтар төлқұжатының көшірмесін жіберген. Аңқау қыздар ер адамдар Қазақстанға келеді және оларды басқа елге тұруға алып кететіне сеніп, қомақты ақша жіберген. Ер адамдар тұрмысқа шығуға ұсыныс жасай отырып, мемлекеттік салық, төлқұжатты жаңарту, визаға тапсырыс беру керек деген сылтаумен қыздардан ақша жіберуді өтінген. Алаяқтардың "ниетіне" сеніп қалған қыздар халықаралық аударымдар арқылы ақша жолдаған", - деп хабарлады полицейлер.

Ақшаны алған жігіттер желіге шықпаған. Бір әйел 13 миллион теңге, екіншісі 6 миллион теңгеге шығындалған.

Нұр-Сұлтан полицейлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша іс қозғады.

"Қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін шұғыл-іздестіріп жатырмыз. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, абай болыңыздар. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыздар", - деп ескертті қалалық полиция қызметкерлері.




Көрілген: 347    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.05.2020, 15:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31