Қылмыс

Елордалық үлескерлердің 2 млрд теңгесін үптеп кеткен әйел Санкт-Петерборда ұсталды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері Санкт-Петербордағы әріптестерімен бірлесіп, халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы әйел адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, күдіктіге 2019 жылдың қазанында сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және талан-таражға салу айыбы тағылған.

 

Қазіргі кезде ол Ресейдің Санкт-Петербор қаласындағы уақытша ошаулағышқа қамалды.

 

«Күдіктіні Қазақстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешілуде. Ол полициядан жасырыну үшін Ресейдің әртүрлі аймағында тұрғылықты жерін үнемі ауыстырып отырған. Бет-әлпетін өзгертіп, жалдамалы пәтерлерде тұрған. Өзінің туыстарымен сенімді адамдар арқылы байланысқан», - деді ведомстводан.

 

Полиция ақпаратына сәйкес, күдікті Нұр-Сұлтан қаласында «Талисман» көппәтерлі үйдің құрылысы үшін «Жеңіс Астана Премиум» тұрғын үй құрылыс кооперативін тіркеген.

 

Осы мақсатта ол инвесторларды тарта бастаған. Тұрғын үй кооперативі құрамына жаңа мүшелерді тарту және жарналарды алу арқылы адамдардан қомақты соманы жинап алып, өзі иемденген.

 

Үлескерлерден жиналған ақшаның орташа сомасы 2 миллиард теңгені құрайды.

 

 

 




Көрілген: 511    Пікірлер: 0

сенбі, 29.05.2021, 13:49

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31