Қылмыс

«Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы парамен ұсталды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек-Өскемен» мемлекеттік кәсіпорнының басшысы пара алды деген күдікпен қамауға алынды.

 

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Тергеу мәліметі бойынша, ол шілде және тамыз аралығында бірқатар кәсіпкерлердің келісім-шартына және орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойған. Мекеме басшысы кәсіпкерлерге осындай жолмен қаржы аударғаны үшін пара алған көрінеді.

 

Ол жалпы көлемі 10 млн теңгені қалтаға басты деген күдік бар.

 

Қазір қамқор басшы абақтыға тоғытылды. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалған.

 

Енді сот алдында жауап беретін болады.

 

Жігер Байділдин, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

 

- Лауазымды тұлғаға қатысты тергеу соты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу жалғасуда. Түпкілікті шешім сотпен қабылданатын болады.

 




Көрілген: 383    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.09.2020, 01:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31