Қазақстанның энергетика вице-министрі Анатолй Шкарупаны қамауға алу туралы ақпаратты Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады деп хабарлайды NUR.KZ.
Ведомство экс-шенеуніктің тұтқындалғанын мәлімдеді.
Сотта бұрынғы энергетика вице-министрі 2019 жылдың 16 ақпанына дейін қамауда отыратынын хабарлады.
Оның не себепті ұсталғаны туралы әзірге мәлімет жоқ.
Бұған дейін министр Қанат Бозымбаев оның әлі де жұмыстан шығарылмағаны туралы айтты. Өйткені жасалуға тиісті келісім рәсімдері соңына жетпеген.