Қылмыс

Ер адам 11 жастағы қыз баланы ұрлап кетіп, қарызын талап еткен

  • © ktk.kz

    © ktk.kz

Алматы облысында 11 жастағы оқушыны ұрлап кеткен азамат ұсталды. Күдікті мектептен шыққан қызды әкең күтіп отыр деп алдап, ертіп кеткен. Сосын ата-анасына хабарласып, ақша талап етіпті.


Күдіктінің айтуынша, ұрланған қыздың әкесі ақша берешек болыпты. Арам оймен қарызын қайтарудың жолын іздеген азамат осылай есеп айырысуды көздеген. Тіпті ата-анасына хабарласып, тез арада қажетті қаржыны тауып беруін талап етіпті.


Ләззат Қуанова, ұрланған қыздың анасы:


- 110 мың теңге сұрады. Қаражатты 1 сағаттың ішінде карточкаға аудару керектігін айтты. Тәртіп сақшылары іске кіріспегенде, қызымды қандай жағдай күтіп тұрғанын ойлаудың өзі қорқынышты.


11 жастағы оқушы әкесі мен күдікті өзара таныс болған соң, алғашында кепілге алынғанын білмепті. Ал қылмыстың ізін ашуға Қарасай ауданының полицейлері түгел жұмылдырылған.


Самат Сатқанбаев, Қарасай аудандық полиция басқармасы тергеу бөлімінің аға тергеушісі:


- Іздестіру шаралары бойынша күдікті тұлға біздің аудандағы ірі супермаркеттің бірінде екені анықталды. Кәмелет жасына толмаған қыз аман-есен ата-анасына қайтарылды.


Қызымен қауышқан ата-ананың жедел қимылдаған тәртіп сақшыларына алғысы шексіз. Полицияның айтуынша, күдікті адам ұрлау дерегі бойынша 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


ktk.kz




 




Көрілген: 335    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30