Қылмыс

"Ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастаған": БҚО полициясы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

  • "Ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастаған": БҚО полициясы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджерінде таратылып жатқан Ақсай қаласында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы аудиохабарламаға түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталына сілтеме жасап.

Аудиохабарламалардың бірінде әйел оқиға туралы айтады: "Үйдің артында жалаңаш жүрді, 48-ші үй тұрған жерде отырды, содан кейін есінен танып қалды. Полиция мен жедел жәрдем шақырды. Қазір мені тергейді, себебі мен полиция шақырдым".

 
Тағы бір хабарламада әйел үйдің кіреберісі қанға болғанын айтады. Оның сөзінше, тоғызыншы қабаттағы бір бөлмелі пәтерде күзетшілер тұрған. Пәтерде бір нәрсе болып, олардың бірінің мүшесін кесіп тастаған. Аудиохабарламамен бірге видео да тараған. Онда қабырғаға жағылған қанды қол іздері мен баспалдақтағы қан тамшылары түсірілген.

Дегенмен құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растаған жоқ.

"Мессенджерлерде БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласының төртінші шағын ауданында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны туралы ақпарат таралуда. Бөрлі аудандық полиция бөлімі жіберілген дауыстық хабарламалар шындыққа жанаспайтынын хабарлайды.

21 мамыр күні сағат 18.00-де Қызылорда облысының тұрғыны төртінші шағынауданы пәтерлерінің бірінде қол мен кеуде тұсына пышақ жарақатын салу фактісі орын алды. Бұл оқиға ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Күдікті анықталып, ұсталды. Жәбірленушінің жағдайы тұрақты, реанимациядан жалпы палатаға ауысты. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.




Көрілген: 545    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.05.2021, 11:07

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31