Қылмыс

Ережеге бағынғысы келмеген тағы бір тұрғын полицейге күш көрсетті (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ақмола облысында жергілікті тұрғын мен құқық қорғау органы қызметкерінің қатысуымен жанжал орын алды. Полиция қызметкері баламен серуендеп жүрген ауыл тұрғындарының біріне оның карантин ережелерін бұзғанын түсіндіруге тырысқан. Алайда әйел адам тәртіп сақшысының сөзіне құлақ аспай, өзімен бірге тұратын адамды шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Оқиға Нұр-Сұлтанға жақын жерде орналасқан Қосшы ауылында болған. Тәртіп сақшысы "Лесная поляна" тұрғын үй кешені аумағын аралап жүріп, баламен қыдырып жүрген әйел адамды байқаған.

 

Polisia.kz-тің мәліметінше, құқық қорғау органдарының қызметкері жергілікті тұрғынға ескерту жасап, үйге оралуын сұрайды. Алайда ауыл тұрғыны полиция қызметкерінің өтінішін орындаудың орнына өзімен бірге тұратын ер адамға хабарласқан. Ол өз кезегінде қарсылық білдіріп, тіпті, тәртіп сақшасына күш көрсеткен.

 

ВИДЕО:  aitube.kz/video

 

Сондай-ақ жанжалға әйел адамның үлкен ұлы мен жол жөнекей өтіп бара жатқан адам да қосылған. Ол жерлестерін жақтаған. Аталмыш жайттан кейін 39 жастағы ер адамға қатысты "Билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта заңсыз әрекеттерге күдікті болып отырған ер адам тергеу изоляторында.

Ал онымен бірге тұратын 38 жастағы әйел адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Жанжалдың үшінші қатысушысы әлі анықталған жоқ, полиция күдіктіні іздестіруде. Ақмола облыстық полиция департаментінің басшысы Арманбек Баймурзин бұл жайтқа қатысты пікір білдіріп беріп, шектеу шараларын облыстың барлық азаматтары құрметтеуі керектігін айтты.

 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде жерде жатқан адам мен оның жанында тұрған полицейлердіңвидеосы тараған еді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 920    Пікірлер: 0

жұма, 17.04.2020, 15:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31