Қылмыс

Есепші жалақы төлеуге бөлінген 24 миллион теңгені өзіне аударған

  • Есепші жалақы төлеуге бөлінген 24 миллион теңгені өзіне аударған

    Есепші жалақы төлеуге бөлінген 24 миллион теңгені өзіне аударған

Спорт мектебінің есепші жымқырды делінген ақша жалақы және басқа да шығындар – іссапар, спортшылардың оқу-жаттығу жиындарына төлеуге арналған

Солтүстік Қазақстан облысында спорт мектептерінің бірінің есепшісі өзінің карта шотына 24 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын аударған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 23 миллион 781 мың 833 теңге (58,7 мың доллар) көлеміндегі қаражатты өзінің карта шотына аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен облыстық спорт мектептерінің бірінің есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

"Бұл ақша жалақы мен басқа шығындарды (іссапар, спортшылардың оқу-жаттығу жиындары) төлеуге арналған. Іс материалдары күдікті мен оның адвокаттарына танысуға берілді", - деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Түпкілікті шешімді күдіктінің кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот қабылдайды.




Көрілген: 546    Пікірлер: 0

жұма, 19.06.2020, 22:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31