Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Есік қаласында досын өлтіріп, денесін моншаға көміп тастаған күдікті ұсталды

05 қараша 2018, 19:02

Алматы облысында досын өлтіріп, денесін жаңадан салынып жатқан моншаның ішіне көмген күдікті ұсталды. Қылмыс орнынан қашып кеткен азамат өзге облыс аумағында қолға түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Есік қаласында болған.

Мерт болған 31 жастағы азамат жеке үйінің жөндеу жұмыстарына көмектесу үшін танысын шақырған. Түнде екі достың арасында жанжал туындап, 34 жастағы жігіт танысын өлтірген. Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында марқұмның денесін құрылысы аяқталмаған моншасының ішіне көміп, еденді бетонмен құйып тастаған. Оқиға орнынан белгісіз бағытта бой тасалаған.

«Жедел іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары күдіктіні Түркістан облысы аумағында қолға түсірді. Қазіргі таңда ол Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп мәлім етті полиция басқармасының баспасөз қызметінен.